Төтенше оқиға «Азия Парк» ойын-сауық және сауда орталығының дәл жанында болған
Елордада орталық көшелердің бірінде микроавтобус отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:40-де өрт сөндіру қызметіне Қабанбай батыр даңғылында ГАЗель жанып жатқаны туралы хабар түскен. Төтенше оқиға «Азия Парк» ойын-сауық және сауда орталығының дәл жанында болған. Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен екі техника барған. Сағат 10:49-да тілсіз жау ауыздықталды.
Өрт сөндірушілер Volkswagen маркалы микроавтобустың жанғанын анықтады.
Видеодан көліктің толығымен жанып кеткенін байқауға болады. Полиция жолдың екі жағын жауып тастаған.