Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтандағы сауда үйінде ер адам өз әйелін кепілге алды

0 310

Елордадағы «Тұлпар» сауда орталығында әйел адамды кепілдікке алған азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.   

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 17:06-да елордадағы «Тұлпар» сауда орталығында қарулы ер адам әйелді кепілдікке алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«47 жастағы азамат ұсталды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Азаматтан тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Оқиғаға олардың ажырасуы себеп болған. Қазір әйелге психологиялық көмек көрсетілуде», – деді Полиция департаменті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.