Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтандағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық қамауға алынды

0 158

Астанада Өзбекстан азаматы намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған, деп хабарлайды Экспресс К

Polisia.kz-тің дерегінше, 22 жастағы көрші ел азаматы елордаға маусым айының соңында келіп, мешітте намазға келгендердің затын ұрлаған.

Өзбекстандық азаматтың ұрлыққа қатысты алты дерегі анықталып, оның ішінде ақша мен ұялы телефондарды үптеп кеткені белгілі болды. Сырттан келген ол өзінің барлық әрекетінің мешіттің бейнебақылау камерасына жазылғанын білмеген.

 

Бейнежазбаларда ұрының мешіттегі ұяшықтардан адамдардың сөмкелерін емін-еркін ақтарып, ұрлық жасағаны бірден байқалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Жігіт кінәсін толық мойындап, полицейлер одан заттай айғақ ретінде төрт ұялы телефонды тәркіледі.

Қазір осы ұрлыққа қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.