Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда Триатлон саябағында заң бұзушылықтармен салынған жаңа жағажай қайта іске қосылған

0 203

Өткен жылы елордада Триатлон саябағы аймағында салынған жағажай барлық заң талаптарын қанағаттандырмайды және қоғамдық пайдалануға жатпайтыны мәлімделген еді. Нұр-Сұлтан әкімдігі олқылықтар түзетіліп, жағажай халыққа қызмет етіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Facebook, әлеуметтік желілер

Маусымның соңында ғана елордалық Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы Триатлон саябағы аймағында салынған жағажай барлық заң талаптарын қанағаттандырмайды және қоғамдық пайдалануға жатпайды деп хабарлаған еді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты Триатлон саябағындағы жағажай құрылысына қатысты сауалымызға былай деп жауап берді.

“2021 жылы урбанистика орталығымен бірлесіп Есіл өзенінде жағажай қызметі әзiрленiп, жүзеге асырылған болатын. Жоба жүзеге асырылғаннан кейiн коронавирус iндетiнiң таралуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес аталған жағажайда жаппай шомылуға тыйым салынды. Кейіннен тазартылған жаңбыр суы тікелей Есіл өзеніне шығарылған”, – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Салдарынан суға сараптама жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша шомылуға болмайтыны туралы ұсыныс берілген.

“Бүгінгі күні ескертулер жойылып, мердігерлік ұйым кепілдік міндеттеме бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді”, – делінді әкімдікте.

Олардың мәліметінше, қазір қолдан жасылған жағажай жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар ол әртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған алаңға айналған. Мысалы тамызда көбік кешін өткізу жоспарлануда.

Ал бұл жобаға қанша қаражат жұмсалғаны жайлы әкімдік хатымызда жауап бермеді.

Еске салайық, 2021 жылы елордада Триатлон саябағында Есіл өзенінің жағалауында жасанды жағажай пайда болған.

Айта кетейік, бүгінге дейін елордадағы су қоймаларында үш адам батып, көз жұмды, оның үшеуі де балалар.

Ал 2021 жылғы статистика бойынша, 2 адам қайтыс болған, оның ішінде біреуі бала. Барлық өлім фактілері суға түсуге тыйым салынған және жабдықталмаған су қоймаларының учаскелерінде тіркелді. Ал 4 адам құтқарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.