Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда шенеунік 5 мың теңге пара алып, 875 мың теңге айыппұл төледі

0 354

Нұр-Сұлтанда шенеунік бұрын пара алып, сотталған азаматты жұмысқа қабылдаған. Әкімдік қызметкерінің қандай жазаға тартылғаны жөнінде жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің жетекшісі Шыңғыс Кабдула «ANTIKOR ORTALYGY» брифингі барысында айтып берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта бізде 2022-2026 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес саясатының тұжырымдамасы дайындалуда. Пара алғандарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілді және жемқорлықпен сотталғандарды уақытынан ерте босату бабының күші жойылды.
Қарамағандағы азаматтар жемқорлықпен ұсталса, мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің қызметтен кетуі бекітілді, жемқорлықпен ұсталған азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға өмір бойына тыйым салынды», -деді Шыңғыс Кабдула.

Департамент басшысының айтуынша, биыл сәуір айында Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізіліп, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 15 құқық бұзушылық фактісін тіркеген.

Өзгертулер күшіне енгеннен бастап, 8 азамат, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылған. Оларға жалпы соммасы 2,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Мысалы, әділет департаментінің қызметкері 5 мың теңге көлемінде материалдық сыйақы алғаны үшін 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеген. Сондай-ақ жуырда қалалық білім беру басқармасының жетекшісі жемқорлықпен ұсталған азаматты жұмысқа қабылдағаны хабарланды.
Құқық бұзған шенеунік жұмыстан қуылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.