Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

0 176

Елордада ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылыққа шықты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтуларынша, соңғы кезде көрші ел есебінде  тұрған машиналарға  қысым көбейген. Жүргізушілер жауаптылардан осы мәселені бір жақты қылуды сұрайды.

Ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелері заңдастыруды жеңілдету қажет дейді. Айтуларынша, шетелдік машинаны қайта құжаттандыру құны өте қымбат. Сондықтан бұл мәселе шешімін таппай отыр дейді.

“3 млн 800-ге алғам. Қазір тіркеу ақысы біз үшін өте қымбат. Машинаның құнынан асып кетіп тұр ғой. Барлығы сол машинаның арқасында күн көріп жатыр”, – дейді жүргізушілердің бірі Ерден.

Жиналғандар құзырлылардан бір мүмкіндік сұрайды. Армениядан әкелінген көліктер сияқты, ресейлік темір тұлпарларға да сары нөмір берсе немесе басқа жеңіл жолын ұсынса  дейді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел аумағында жүрген 80 мыңнан аса көлік Ресей Федерациясының есебінен шығарылып тасталған. Сондықтан ресейлік нөмір таққан көліктерге тексеріс күшейгенін айтады. Өйткені шетелдік көліктердің әргі-бергі тарихы бізге белгісіз дейді.

Министр Ерлан Тұрғымбаев елімізде жүрген өзге елдің  көліктері міндетті түрде тіркелуі қажет деп кесіп айтты.

“Бәрінің қолдарында құжат бар. Ол автокөлікті  сатып алдық деп. РФ-да сатушы бар, сатып алған азамат бар.  Сол азамат құжаттарымен Цонға бару керек, сонда заңды түрде автокөліктерді өз атына қою керек. Көбісі қойғысы келмейді ғой. Осы мәселе болып шығып жатыр”, – дейді министр.

Елімізде ресейлік нөмірмен жүрген 210 мыңдай көлік бар. Соның 150-мыңға жуығы  ғана  тіркелген.  Ал қалғандары заңсыз дейді жауаптылар. Ол көліктердің бірі Ресей есебінен шығарылып тасталған болса, енді бірі ұрланған немесе бұғатта тұрған болуы мүмкін.

Ресей Федерациясы  ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 600-ге жуық көлік қолды болған. Осы уақытқа дейін 200-ге жуығының қайда екені анықталыпты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.