Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер кафе алдында ер адамды аяусыз ұрып кеткен

0 188

Нұр-Сұлтанда жас жігіт бейтаныс адамды аяусыз соққыға жыққан. Полицияның “102” арнасына Конституция көшесіндегі кафенің жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түнгі сағат 02:00 шамасында 30 жастағы жәбірленуші көңіл көтеру орнына келген. Мас күйде болған ол өзге екі клиентпен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Кафенің кіреберісінде мәселені шешу барысында оларға 25 жастағы белгісіз жігіт қосылған. Кейін ер адамды жабылып ұрып тастаған.

Жәбірленуші алған соққыдан асфальтқа құлап, есінен танып қалған. Төбелеске қатысушылар оқиға орнынан кетіп қалған. Көп ұзамай полицейлер күдіктіні ұстап, “Сарыарқа” ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Анықталғандай, күдікті 2015 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.