Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын көлік қарияны басып кетті

0 320

Нұр-Сұлтанда қар тазалау жұмыстары кезінде адам өлімі орын алды. Қар тазалайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

7 желтоқсан күні сағат 15.45 шамасында Тілендиев даңғылында қар тазалайтын көлік жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалау барысында, 65 жастағы әйелді қағып кеткен

Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 24 қарашада қалың қар жауған болатын. Оның зардаптарымен күрес күні бүгінге дейін жалғасуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.