Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтан тұрғыны құны миллион теңгеден асатын бағалы заттарын таксиде ұмытып кеткен

0 295

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұқыпсыздылығының салдарынан таксиде құны миллион теңгеден асатын заттарын ұмытып кеткен. Көлікте қалған чемоданның ішінде ноутбук, гаджет пен өзге де бағалы заттар болған. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада «Аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның аясында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Саденовке қала тұрғынынан алғыс хат жолданған. Ол «Есіл» ауданының учаскелік инспекторы Рат Абсатовқа жедел қызметі және кәсібилігі үшін ризашылығын білдірген.

Елорда тұрғыны таксиде ноутбук, гаджет пен өзге де құнды заттар салынған чемоданын ұмытып кеткен. Учаскелік инспектордың шапшаңдығының арқасында автокөлік иесі табылып, заттар тұрғынға қайтарылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.