Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұр-Сұлтан қаласында 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады

0 245

Елордада күн райының жылынуына байланысты 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады деп хабарлады turkystan.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда «Қаланың жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларының» 42-тармағына сәйкес, сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде күнтізбелік 5 күн ішінде елорданың жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау жөнінде шешім қабылдайды. Осыған байланысты бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескерсек, 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады.

Бұл шешім әлеуметтік нысандарға қатысты емес.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.