Қалалық қоғамдық-саяси газет

Моншада қазақы шапанмен жүрген «Жігіттер» тобының әншісі елден оңбай сөз естіді

0 12  991

Моншада қазақтың ұлттық шапанын киіп жүрген «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек жұрттан сөз естіді. Өнер иесінің бұл әрекеті желі оқырмандарына жақпай қалған. Олар әншіге қазақтың ұлттық киімін қорлады деген айып тақты, деп хабарлайды Экспресс К

Моншадағы видеоны әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Онда қазақтың шапанын киіп алған Айдар Тұрғамбек өнердегі ағасы, «Шаншар» әзіл-ысқақ театрының негізін қалаушы актер Уәлибек Әбдірайымовтің қасына келіп, «Ұнап жатыр ма?» деп сұрайды.

Өз кезегінде театр әртісі әлі басталмай жатып, кесіп айтуға болмайтынын алға тартады.

Ал видеоны көрген желі қолданушылары әнші жамылған шапанды көріп, өнер иесіне сыни пікірлерін қарша боратты. Енді бірі оның ешқандай әбестігі жоқ деп әншіні жақтады.

 

«Әйтеуір қазаққа ештеңе ұнамайды, бәрі шетінен періште», «Жігіттер, жақсы емес. Шапан моншаға кию артық. Уәли аға, сізге не жоқ? Ел ағасы болдыңыз…», «Шапанды моншаға киіп, мазақ қылмаңдар», «Шапанмен моншаға түскенді бірінші рет көруім», «Істеуге тірліктері жоқ. Тырқ-тырқ, жырқ-жырқ еткен жұлдыздар», «Халат таппасаң, іш киіммен түсе берсейші», «Қазақша шапанымызды қор қылмаңдар», «Айдар, шапанды киетін орны бар өзінің», «Енді моншаға барғандарыңды салу қалды ма?» деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.