Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұмдық жастардың жарқын істері

0 342

Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау – сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Сондықтан да егемендіктің ақ таңы атқаннан бастап жастар саясатына айрықша мән берілуде. Бұл бағытта Мойынқұм ауданында атқарылған жұмыс ауқымды.

Бүгінде ауданда 14 пен 29 жас аралығында 7 358 жас бар. Олар жалпы аудан халқының 20,4 пайызын құрап отыр. Оның ішінде халық санына шаққанда ерлер – 3 948, әйелдер – 3 437.
Жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Марат Бельгимбаевтың айтуынша, былтыр өңір бойынша 7 358 жастың үйлеріне адрестік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 140 жұмыссыз NEET санатына жататын жастар анықталған.
– Адрестік түсіндіру жұмыстары жүргізілу аясында «Бизнес бастау» жол картасы, қысқа мерзімді оқу курстары туралы да кеңінен мәлімет беріліп, жастарға кеңес беру алаңы өткізілді. Кеңес беруде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тетіктерін түсіндіру бойынша Мойынқұм ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, «Жасыл ел» бағдарламасы жайлы Жастар ресурстық орталығының мамандары жеке қабылдаулар жүргізді. Кеңес беру алаңында 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы, мүмкіндігі шектеулі, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмек қажет ететіндер, жоғары және орта арнаулы оқу орнын бітіруші студенттер, орта мектепті тәмамдаушы түлектер түрлі мәселелеріне жауаптарын алды. Қатысушылардың басым бөлігі өз кәсібін бастау үшін, сонымен қатар «Жастар практикасы» және тегін курстарда оқу бойынша Жұмыспен қамту орталығының маманына сауалдарын жолдады. Ал жеке мәселелер бойынша жастар заңгер мен психолог маманына жүгінді.
Жастарды жұмыспен қамту шаралары бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 635 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде Ұлттық жоба аясында ұйымдастырылатын жастар практикасына 76 жас жолданса, 282 жас тұрақты жұмысқа орналасты. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына – 14, қоғамдық жұмыстарға 138 адам жіберіл- ді, – дейді орталық директоры.
«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша аудан көлемінде 100 жас қамтылған. Ал екінші маусымда, яғни қазан айында 25 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылып, екі маусымда жалпы саны 125 жас еңбекпен қамтылды.
Бүгінгі таңда қоғамның алда тұрған басты міндеттерінің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екені белгілі. Бұл мақсатта да ауданда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Айталық, Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жастар және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 64 іс шара өткізіп, оған 395 адам қамтылған. Атап айтқанда, 15 дөңгелек үстел, 32 кездесу, 18 акция және 11 түнгі рейд жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің Мойынқұм аудандық пробация қызметінің 2022 жылдың қорытындысы бойынша 29 жасқа дейінгі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға тартылған, 15 сотталған азамат есептен өткен. Оның ішінде шартты түрде – 2, бас бостандығынан шектелген – 11, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған 1 тұлға бар. Қазіргі таңда есепте 10 азамат тұр. Оның ішінде шартты түрде – 2, бас бос- тандығынан шектелген – 7, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған 1 тұлға тіркеуге алынған. Сонымен қатар Мойынқұм аудандық ПҚ-ның есебінде тұрған 29 жасқа дейінгі сотталған азаматтардың 100 пайызы жұмыспен қамтылған.
Мойынқұмдық жастар мәдени шаралардан да тыс қалып көрген емес.
– Жыл басынан бері жоспарланған іс-шараға сәйкес, талантты жастарды қолдау бойынша «Жігіт сұлтаны-2022», «Әулиеата аруы» аудандық байқаулары мен ақындар мүшәйрасы жоғары деңгейде өткізілді. Жалпы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде 11 бағыт бойынша 8 565 адам, 585 іс-шара, 48 дөңгелек үстел, 41 кездесу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Рухани-адамгершілік» бағыты аясында барлығы 1 387 адамды қамтыған 87 іс-шара өткізілді. Оның ішінде Д.Қонаевтың туғанына 110 жыл, «Ұрпа- ғы ұлықтаған ұлы тұлға», Роза Бағланованың 100 жылдығы, «Еңбек бәрін жеңбек», «Қонаев – ғасыр адамы», «Мойынқұм жеріндегі кездесу» сынды шараларды ерекше атап өтуге болады. Бұған қоса «Әскери-патриоттық» бағыт аясында барлығы 610 адамды қамтыған 45 іс-шара өткізілді. Олар: «28 панфиловшылардың ерлігі» тақырыбындағы жастармен кездесу, «Елім менің» патриоттық әндер байқауы, « Ер елінде, гүл жерінде» тренинг, «Біз болашақ сарбазбыз», «Алғашқы әскери дайындық», «Отан үшін күр- ес – ерге тиген үлес» іс-шаралары. «Спорттық» бағыты бойынша барлығы 1 412 адамды қамтыған 52 іс-шара өтті. Олардың қатарында «Спорт – денсаулық кепілі» баскетбол ойыны, көкпар, кіші футбол және т.б. бар, – дейді орталық басшысы.
Бұдан бөлек, «Мәдени-шығармашылық» бағыты аясында барлығы 1 265 адамды қамтыған «Әр өлеңі – бір әлем», «Ауғанның от жалыны», «Қазақ поэзиясының Хантәңірі», «Әлемді бейнелеген нақты ғалымдар», «Менің әкем – ең жақсы адам» тақырыптарында өткен 59 іс-шара көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлаған. «Құқық» бығыты аясында барлығы 48 дөңгелек үстел, 41 кездесу «Пробация қызметкерлеріне таныстыру» жұмыстары, «Ішімдікке қарсы», «Мен нашақорлыққа қарсымын» акциясы, «Құмар ойын» жиыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Дін» бағыты аясында ұйымдастырылған «Жат діни идеологияның алдын алу» кездесуі, «Зайырлы мемлекет және дін», «Дін және жастар», «Иман – отбасының тірегі» сынды 58 іс-шараға 576 адам қатысқан.
Маңызы зор шаралар легі мұнымен толастамайды. Тағы да атап айтсақ, «Психологиялық-танымдық» бағыты аясында барлығы 691 адамды қамтыған 48 іс-шара өткізілген. Яғни «Сенімді-лік – менің серігім» тренингі, «Мен таңдаған мамандық», «Отбасым – асыл қазынам» дөңгелек үстелі көпшілік көңілінен шықты. Ал «Жастарға кеңес беру» бағыты аясында барлығы 583 адамды қамтыған 56 іс-шара ұйымдастырылды. Атап айт- қанда, «Адамгершілік – асыл қасиет», «Дипломмен ауылға», «Жеке тұлға және оның дамыту», «Кәсіпкерден 100 кеңес» және тағы басқа шаралар.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағытына келсек, мұнда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында үнпарақтар таратылып, «Жемқорлық – қоғам дерті» жастармен кездесу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мойынқұмдық жастар экологияға да ерекше үн қосуда. Бұған «Таза аула», «Білім ордамды таза ұстаймын», «Бірге таза Қазақстан», «Тазалық табалдырықтан басталады», «Тазалық – саулық негізі» тақырыптарындағы іс-шаралар дәлел бола алады. Бұл қатар «Экология- лық келісім» бағыты аясындағы 302 адамды қамтыған «Ұлтаралық дос- тық – татулықтың талбесігі», «Бірлігіміз жарасқан», «Бірлік, достық, ынтымақ», «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» сынды жиындармен толыға түседі.
Ауданда 2021-2025 жылға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді. 11 бағыттан тұратын бағдарламада жастарға қатысты барлық салалар қамтылған.
Жастар болашақтың жарқын айнасы іспетті. Бұл сөздің мағынасына үңілсек, «еңбек» деген ұғыммен байланысып жатқанын ұғасыз. «Еңбектің наны тәтті» деп бекер айтылмаса керек. Қай саланы алсақ та, мерейін үстем еткен үкілі азаматтар ащы терін сығумен биіктерге жеткен. Мұндай жандардың қарасы Мойынқұмда да баршылық. Сол себепті өңірде жастар ісі басты назарға алынып, орталық тиісті жұмыстарды жандандыра жүргізетін болады.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.