Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мойынқұмдағы көптен күткен қуаныш

0 88

Республика күні қарсаңында Мойынқұм ауданындағы Ақбақай ауылы тұрғындарының көптен бергі өтініші болып келген шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

Нысанның ашылуына Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғ.Шубаева қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Ол өз сөзінде өңірде бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлініп отырғанын, соның нәтижесінде спортпен шұғылданғысы келетін жастардың қатары артып келе жатқанын айрықша атап өтті. Келесі кезекте Ақбақай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы А. Мырзабеков ізгі тілегін жолдап, ақ батасын берді.
Жалпы ауданда жыл басынан бері демеушілер есебінен Мыңарал және Ұланбел ауылдарында 2 футбол алаңы пайдалануға берілсе, Ақбақайдағы нысанның құрылысы бюджет қаржысы есебінен жүргізілген.
Ауыл әкімі М.Белгімбаевтың сөзінше, футбол алаңын салуға аудандық қазынадан 13,8 мың теңге қаржы қаралыпты.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.