«Моңғолияға қараңыздар»: Еңбек министрі Қазақстанға шетелдік мамандардың не үшін қажет екенін түсіндірді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде елімізге шетелдік мамандарды қабылдауы керек деген пікірді білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол елімізге ресейлік мамандардың келуіне байланысты қойылған жиналғандардың сауалына жауап берді.
«Еңбек кодексіне сәйкес ешбір жұмыс беруші ұлттық немесе басқа белгілер бойынша кемсітуге жол бермеуі керек. Қазақтарды жұмысқа алмаса заң бойынша жауап береді. Бірақ, қайталап айтамын, егер бізге білімді, кәсіпқойлар келсе, әсіресе жастар, оларды қабылдауымыз керек. Қазір әлемде жабық мемлекеттер жоқ. Барлық мемлекеттер бір-біріне ашық, олар білім мен технологияларды тасымалдайды», – деді Дүйсенова.
Министр Моңғолияны мысалға алды. Онда 2000 жылдардың басынан бері итальяндық мамандар сол кезде дамымаған қонақүй және мейрамхана бизнесінде жұмыс істеуге кеңінен тартылған.
Министрдің айтуынша бұл мамандар өндірістегі жұмыс деңгейін айтарлықтай көтеріп, сонымен бірге жергілікті жастарды оқытқан. Бірнеше жылдың ішінде елде негізінен жергілікті кадрлар жұмыс істейтін жоғары санатты мейрамханалар мен қонақүйлердің кең желісін қалыптастыруға мүмкіндік берген.