Қалалық қоғамдық-саяси газет

Минус 35 градус аяз: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын жариялады

0 328

Синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы болады. Аймақ кең антициклонның ықпалында болады.

Солайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде – 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында – 35 градус аязға дейін төмендейді.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.

Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығысқа қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ ала келеді. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін суытады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.