Қалалық қоғамдық-саяси газет

Минус 28°C аяз: Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

0 493

Синоптиктер 20-22 қараша аралығындағы ауа райына болжамын жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап

 20-21 қарашада солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің шығыс бөлігіне әсер етеді, ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Сонымен қатар елдің батыс бөлігіне ауа райының құыблмалы, өйткені кезекті Атлант мұхитынан келетін циклон ықпалында болады.

22 қарашада Атлант циклоны еліміздің батысынан шығыс бөлігіне жылжып, елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты ауа райы құбылмалы болмақ, жауын-шашын, қар жауады, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстік бөлікте боран соғады.

Батыста ауа температурасының негізгі фоны түнде минус 2 +5, күндіз 0-ден 10-ға дейін жылы болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде минус 6-16-дан, 0 минус 9-ға дейін суық, күндіз 0-ден минус 9 градусқа дейін суық, республиканың шығысы мен орталығында түнде минус 18-28-ден 0 минус 10 градусқа дейін аяз болады, күндіз минус 5-15-ке дейін суық, оңтүстік өңірлерде минус 5-15-тен минус 5 не +3-ке дейін, күндіз 0-10-нан 5-15-ке дейін жылы болуы ықтимал.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.