Қалалық қоғамдық-саяси газет

Министрлік Дикий Арманның боксшыларға ақша таратуына қарсы ма?

0 431

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Арман Жұмагелдиевтің шетелде жүрген Қазақстан құрамасының боксшыларына ақша таратып жатқаны туралы әлеуметтік желідегі видеоға қатысты түсініктеме берді, хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мәдениет және спорт министрлігі бокстан ұлттық құраманың дайындық жиындарына және халықаралық жарыстарға қатысуына 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлді», – деп жазылған ведомство сайтында. Министрліктің мәліметі бойынша, түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісіне, соның ішінде әлем чемпионаттарында мынадай мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған: 1-орын үшін 15 000 АҚШ доллары; 2 орын үшін 7 000 АҚШ доллары; 3-орын үшін 5 000 АҚШ доллары. Ал олардың жаттықтырушыларына келесі мөлшерде: 1-орын үшін 10 000 АҚШ доллары; 2 орын үшін 5 000 АҚШ доллары; 3-орын үшін 3 000 АҚШ доллары қарастырылған. «ҚР Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан бокс федерациясы Белград (Сербия) қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді. Ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру – бұл федерация мен министрліктің ресми тұлғасы болып саналмайтын азаматтың жеке бастамасы.

Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар. Оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп бокстан ұлттық құрама командалардың спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалған», – делінген ресми мәліметте. Еске салсақ, әлеуметтік желіде шетелде жүрген қазақстандық Арман Жұмагелдиевтің Сербиядағы Әлем чемпионатына қатысып жатқан боксшыларға ақша таратқаны туралы видео пайда болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.