Қалалық қоғамдық-саяси газет

Министр Жамбыл облысында жоғалып кеткен әскери қызметкер туралы айтты

0 356

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстардан кейін жоғалып кеткен әскери қызметкерді іздестіруге қатысты түсініктеме берді.

– Мен оның туыстарымен кездестім. Біз қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеуді тоқтатқанымыз туралы айтып отырмыз. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Егер ол жарылыс ошағында болса, онда ол жерде ештеңе қалмауы мүмкін, – деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

 

Министрдің  айтуынша, жұмыс көлемі өте үлкен. Сондай-ақ, қызметкердің отбасы оны қайтыс болды немесе хабарсыз кетті деп таныса мемлекет тарапынан көмек болатынын жеткізді.

– Бұл үлкен шығын, атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Біз қызметкердің отбасынан қайтыс болды немесе хабарсыз кетті деп тану туралы ұсыныс жасадық. Егер солай деп танысақ мемлекет тарапынан төлемдер болатын еді. Бірақ отбасы келіспеді. Әрине, отбасын түсінеміз, сондықтан іздеуді жалғастырып жатырмыз. Іздеуді тек біз ғана емес, ішкі істер органдары да жүргізіп жатыр, – деді Жақсылықов.

Еске салайық, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев 2021 жылдың 26 тамызында Тараз маңындағы қоймада жарылыс кезінде жоғалып кеткен болатын. Ол қаза тапқандардың қатарында жоқ, төтенше жағдай орнында әскери қызметшінің сүйектері табылмаған. Дәуітбаев әлі табылған жоқ. Іздеуге қатысқан құтқарушылар оның жарылыс кезінде контузия алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.