Қалалық қоғамдық-саяси газет

Министр Цой Қазақстанда қайта вакциналау қашан жүргізілетінін айтты

0 749

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта егу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде барлық мемлекет үшін ревакцинация мәселесі өзекті болып тұр. Қазақстанда арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына жетекші клиницист-ғалымдар, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары енді. Бүгінде нақты талап жоқ. Өйткені COVID-19 – жаңадан шыққан вирус», – деді Цой үкіметтің баспасөз қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық агенттіктерден қажетті ақпаратты алынған. Қазіргі кезде барлық тәжірибе жан-жақты зерделеніп жатыр. Бұдан соң халықты иммундау жөніндегі комиссия тиісті шешім шығарады.

«Жақын арада сарапшылар тобы өз қорытындысын шығарады. Жалпы отандық медицина саласы дайын. Шешім шығарылғаннан кейін толыққанды жұмыс істей аламыз», – деп атап көрсетті Цой.

Бұған дейін, министр ақпан айында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қазан айында қайта екпе алу қажет болады деп айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.