Қалалық қоғамдық-саяси газет

Министр Бағдат Мусин Қазақстанның «+7» телефон кодына қатысты жаңалық айтты

0 174

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, еліміздің дербес телефон кодына байланысты іс жыл соңына дейін реттеледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Біз қазір «+7» кодын Ресеймен бөлісіп отырмыз. Меніңше, Қазақстанның дербес коды болуы керек. Бұл ешқандай геосаяси жағдайға байланысты емес. Мен бұл ұсынысымды министрлікке алғаш келген кезде, яғни 2020 жылы айтқан едім,— деді министр.

Ол атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі жыл соңына дейін белгілі болатынын айтты.

Халықаралық телекоммуникация одағына тағы барып қайттым. Жақын арада жаңалықты жариялап, таратамыз. Әзірге ондай құқығым жоқ. Өйткені жұмыс әлі жүріп жатыр. Бәрі аяқталғанда Қазақстанды жақсы жаңалық күтіп тұр. Жыл соңына дейін айтылады, — деп сендірді Бағдат Мусин.

 

Ал еліміздің бұрынғы Көлік және коммуникация министрі, «Қазақтелеком» компаниясының экс-басшысы, физика-математика ғылымдарының докторы Серік Бүркітбаев Қазақстанның «+7» кодынан айырылып, «+997» DEF-кодына көшуіне қатты өкінген еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.