Қалалық қоғамдық-саяси газет

Министр Алматыдағы дәрігердің өлімі жайлы пікір білдірді

0 298

Қазақстанның медицина жұртшылығы Алматы қаласындағы Гастроэнтерология институтында көп жылдар бойы қызмет атқарған белгілі гастроэнтеролог – дәрігер Юрий Петрович Шумковтың өлтірілгені туралы хабарды естіп қатты алаңдауда, деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрінің әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап.

«Жеке өз атымнан және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан қайғылы қазаға ұшыраған дәрігердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға республиканың денсаулық сақтау саласы үшін жантүршігерлік аса ауыр қайғы болып отыр, бейбіт уақытта дәрігерлерге жауыздық танытқан, өз іс-әрекеттеріне жауап бермейтін адамның қолынан қаза тапты.  Отандық медицина гастроэнтерологияның дамуына зор үлес қосқан, жүздеген пациентті жоғары медициналық білімінің арқасында емдеп, өмірін сақтап қалған аса білікті маманынан айырылды» деп жазды Ажар Ғиният.

Сондай-ақ ол үш бала жетім қалып, қарт ата-ананың ұлынан айырылғанын айтты.

«Қаза тапқан дәрігердің отбасы үшін қайғылы оқиғаның аса ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз қылмыстың жан-жақты тергелуіне, сондай-ақ орын алған қайғылы оқиғаға кінәлілерді заңның барлық қатаң талаптары бойынша жазалайды деп сенеміз. Әрбір осындай инцидент бүгінде заңнамалық тетіктердің көмегімен медицина қызметкерлерінің құқықтарын сенімді қорғауды қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығы үшін қорықпай қауіпсіз еңбек етуіне кепілдік беретін құқықтық нормаларды қабылдау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірледі, жақын арада ол Парламенттің қарауына енгізілетін болады», деді министр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.