Қалалық қоғамдық-саяси газет

Михаил Ломтадзе Қазақстандағы үздік компания басшысы деп танылды

0 368

PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық компаниясы жүргізген CEO Survey 2022 сауалнамасының нәтижелері бойынша Kaspi.kz сайтының негізін қалаушы әрі басшысы Михаил Ломтадзе қатарынан бесінші жыл Қазақстандағы үздік компания жетекшісі болып танылды деп жазды turkystan.kz.

Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан қазақстандық ірі компаниялардағы 71 СЕО қатысты. Респонденттер Kaspi.kz  компаниясының жиі өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделіп, жаңа  қызметтерді тез шығарып, тұтынушылардың сеніміне ие болғанын атап өтті.

PwC зерттеуді бүкіл әлем бойынша 25 жылдан бері, ал Қазақстанда соңғы 140 жыл бойы жүргізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты – жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы басшылардың пікірін бағалау, бизнесті дамытудағы тәуекел факторлары мен мүмкіндіктері туралы білу.

Зерттеудің толық нұсқасымен PwC сайтынан білуге болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.