Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мереке күндері Жамбыл облысында 5 егіз дүниеге келді

0 203

Ағымдағы жылдың 16,17 желтоқсан күндері Жамбыл облысы бойынша 144 сәби дүниеге келсе, оның бесеуі (10 сәби) егіз. Соның ішінде Тараз қаласында мереке күндері 89 сәби дүниеге келген болатын, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай олардың аналарына «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыс етілді.

«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған Ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.

«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

«Біздің қызметкерлер 16, 17, 18 желтоқсан күндері жұмыс істеді және АХАЖ өкілдерімен бірлесіп әрбір сәби өмірінде өзінің алғашқы құжатын алуы үшін перзентханаларда құжаттарды қабылдады. «Сүйінші» акциясын орындау мақсатында туу туралы куәліктерді дайындағаны үшін АХАЖ, бэби-бокстарды жеткізгені үшін «Қазпошта» қызметкерлеріне және перзентханаларда жұмыс атқарып отырған дәрігерлерге олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Қыстаубай Сағынтаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.