Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мен одан кетіп қалуға қорықтым»: Өскеменде бес баласы бар әйелді азаматтық некедегі күйеуі соққыға жыққан

0 858

Өскеменде бес баласы бар әйелді азаматтық некедегі күйеуі үнемі ұрып-соққан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, Маргаританың одан бес баласы бар.

Әйелдің айтуынша, соңғы кездері күйеуі үйге жиі арақ ішіп келіп, өзіне ғана емес, балаларына да қол көтере бастаған.

«Үйде ештеңеге көмектеспейді. Мен одан кетіп қалуға қорықтым, өйткені өзім балалар үйінен шыққанмын – көмек күтетін басқа ешкім жоқ, сонымен қатар неше жыл бойы жұмыс істемей үйде балалармен отырдым», – дейді Маргарита.

Бірақ 23 қарашада соққыға шыдамаған ол балаларды алып, түнде үйден қашып кеткен.

Қала сыртында орналасқан құрбысының шаруа қожалығына бет алған, алайда ол жерде ұзақ уақыт бола алмайтынын білген. Осылайша Маргарита Өскемен қаласының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, өз тарихын айтып берді.

Мұнда оған психологиялық көмек көрсетіліп, кәмелетке толмаған балалармен бірге уақытша тұратын орын ұсынылды.

«Әрине, бұл отбасы полиция қызметкерлерінің бақылауында болады, болашақта оларға көмек пен қолдау көрсетіледі», – деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.