Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

0 319

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырушеңберінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіқабылданды, онда этикалық нормаларды бұзу мен сыбайласжемқорлықтың алдын алушаралары көзделген.

Осы Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық имиджіне қойылатын жалпы қабылданғанталаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгістандарттарын белгілейді және мемлекеттік органдарғақоғамдық сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзараіс-қимылдың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқыныңжалпы стандарттарын және қызметтен тыс мінез-құлықстандарттарын белгілейді.

Жалпыстандарттарға: мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағы мәселелердішешу кезінде өзінің қызмет бабын пайдаланбау, іскерлікэтика және формальды мінез-құлық қағидаттарын сақтаукіреді.

Яғни, мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен жәнеұжыммен қарым-қатынас кезінде сыпайы болуға тиіс. Өзкезегінде, халықпен өзара іс-қимылдың негізгі көрсеткішіМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырубойынша тұрақты шаралар қабылдау, мемлекеттікқызметтерді тұтынушылар ретінде халықтың қажеттіліктеріне бағдарлану қажет.

Оның әдепке сай емес мінез-құлқы мемлекеттікаппаратқа деген сенімге нұқсан келтіретінін түсіне отырып, оған жүгінетін азаматтардың әрбір мәселесін мұқият қарап, шешімдер қабылдаудың уақтылығын, заңдылығын жәнеәділдігін қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, Кодекс мемлекеттік қызметшілердіңмәдениетіне ғана емес, қызметтік міндеттерді орындаумәдениетіне де қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл не деген сөз? Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі кеңестер барлықөңірлерде жұмыс істейді. Өз кезегінде, мемлекеттікқызметшілердің кәсіби этикасын бұзуы ғана емес, сондай-ақтәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлықтәуекелдерін талдау нәтижелері, мемлекеттік қызмет жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманыбұзушылықтардың алдын алу бойынша Мемлекеттікоргандардың жұмыс нәтижелері де ескеріледі.

Стандарттардың екінші түрі-арнайы стандарттар. Оларбасқа жағдайлар да қызметкерлердің мінез-құлықережелерін белгілейді: жұмыстан тыс, әріптестерарасындағы ресми қатынастарда, көпшілік алдындасөйлеуге байланысты мінез-құлық нормалары.

Яғни, мемлекеттік қызметшілер қоғамға жат мінез-құлықтан аулақ болу үшін кеңседен тыс жерлерде де жалпықабылданған моральдық және этикалық стандарттардыұстануы тиіс.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Әдепжөніндегі Уәкіл институты енгізілді. Әдеп жөніндегі Комиссар өз функциялары шеңберінде мемлекеттікқызметшілер мен азаматтарға кәсіптік әдеп қағидаларыныңсақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың жәнеӘдеп кодексінің бұзылуының алдын алуды қамтамасыз етеотырып, консультация беретін лауазымды адам.

Жамбыл облысының Әділет департаментінің бас маманы ЖАсанбаев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.