Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік кәсіпорын 1 теңгеге сатылады

0 656

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласындағы абаттандырумен шұғылданатын кәсіпорындарды1 теңгеге бағалады. Құрылтайшысы Мамлютка ауданының әкімдігі болып табылатын «Мамлютское 1» ЖШС аукцион арқылы сатылмақ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай аукциондарда, әдетте, жабық мектептер, суқұбырлары, су мұнаралары, клубтар мен зауыттар сатылады. Мысалы, «Мұнаймаш» зауытының 30% акциясы бар-жоғы 455 млн теңгеге сатылған.

4 қарашада «Мамлютское 1» ЖШС сатылатын аукцион өтеді. Кәсіпорын қарызына байланысты меншігіндегі ғимарат, автокөліктер, тұрмыстық техника 1 теңгеге бағаланды.

Аукионның бастапқы бағасы 100 теңге болмақ. Аукцион сайты арқылы кәсіпорынның кәсіби бағалауын көруге болады. Айта кету керек, кәсіпорынның бюджетіне өткен жылы 6 миллион бөлінген.

Adata.kz сайтының мәліметінше мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы кәсіпорын 32 млн теңгеге тең 31 келесімшарт жасасқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.