Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік бюджеттің заңсыз бөлінуі: Нұр-сұлтан әкімдігі Аружан Саинның шағымына жауап берді

0 354

Бұған дейін балалар омбудсмені Аружан Саин елордадағы бос үйірмелер мен учаскелердегі орындарды бөлу тәртібі бойынша заң бұзушылықтар орын алғанын жазған болатын. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өз кезегінде белгілі бір жеткізушіге артықшылық беруге және ваучер таратуға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын операторлар Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен ережелер аясында жобаны платформа арқылы жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

«Әкімдік ұсынған оператор нақты жеткізушіге артықшылық беріп, ваучерлерді тарата алмайды. Платформаның қағидаттары бойынша баланың заңды өкілі жеткізушілерді өз бетінше таңдайды», – делінген елорда әкімшілігінің жауабында.

Сонымен қатар әкімшілік Мәдениет және спорт министрлігіне барлық туындаған мәселелер бойынша арнайы хат жолдап, оларды жою жөнінде ұсыныстар айтылғанын алға тартты.

Қала басшылығының мәліметінше, елордада спорт үйірмелеріне тегін тартылатын балалардың саны бір мыңнан 17 мыңға дейін өскен.

Айта кетейік, бұдан алдын Аружан Саин елорда әкімдігі тегін үйірмелер мен секцияларды тарату жұмыстарында «таныстарға» жол беріп, бұлыңғыр жүргізетінін айтқан еді. Балалар омбудсмені ата-аналардың таңдаулы тобы қысқа мерзімде Болмановтар отбасы мектебіне өтініш бере алғанын атап өткен. Аружан республиканың уәкілетті органдарынан болған әрекеттердің шынайылығын анықтауды сұраған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.