Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік аппараттың беделін нығайту

0 164

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға үлкен мән берілуде. Мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты болады. Сондықтан, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарында мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.

Әдеп Кодексінің талаптарының орындалуы, Рухани жаңғыру, мемлекеттік қызметшілердің ішкі өзгеріске енуі, талапқа сай түзелуі Әдеп Кодексімен анықталған мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтарының жалпы стандарттары, оның ішінде, қарапайым және сыпайы болу, қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сапалы қызмет атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерде әдептіліктің болуы керек.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталады.

Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

 

Әділет департаментінің

бас маманы К.Сабуркулова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.