Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттен алған қаражатқа той жасағандар жауапқа тартылды

0 296

Шымкенттік тұрғындар мемлекеттен кәсібін дамытуға берілген 1 225 000 теңге грантты құдалық, той өткізуге, несиесін жабуға жұмсаған деп хабарлады turkystan.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, Шымкентте 2021 жылы 23 тұрғын мемлекеттік грантты өзінің жеке басына жұмсаған. Олар кәсіп бастауға алған қаражатқа несиесін жауып, той, құдалық өткізген. Қазір іскер азаматтар жауапқа тартылып, ақша қазынаға қайтарылды.

«Мемлекеттен алған ақшаны несие төлеуге, той жасауға жұмсауға болмайды. Берілетін қаржы аз емес – 1 225 000 теңге. Бұл ақша бизнесті дамытуға, басқа адамдарға жұмыс орнын ашуға жұмсалуы тиіс. Енді жаңа ереже бойынша тоқсан сайын олардан жұмсаған ақшасының есебін аламыз», – деді Балмаржан Нарбекова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.