Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды – Білім және ғылым министрлігі

0 286

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңа жылдық ертеңгілік өткізу мәселесіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

«Ертеңгілік және өзге де жаппай ісшараларға келетін болсақ, мектептерде мұндай жиындар өткізілмейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер мен өзге де шаралар ұйымдастырылмайды», – деді Асхат Аймағамбетов.

«Сынып ішінде мерекелік отырыс жасау шешімін мектеп әкімшілігі қабылдайды», – деп қосты министр.

Журналистер Асхат Аймағамбетовке омикрон штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтықтан оқуға жіберу мүмкіндігі жайлы сауал қойған.

«Қазір бұл туралы айту ерте. Ведомствоаралық комиссия шешімі аясында жұмыс істейміз. Әзірге қорытынды жасау үшін деректер аз», – деп жауап берді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.