Қалалық қоғамдық-саяси газет

Медицина саласына үлкен мән берілді

0 141

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, көңілге тоқыдық. Ел Президенті бұл Жолдауында еліміздің әлеуметтік дамуын, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты.

Ондағы «Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бөлімінде: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.

Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған.

Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр», – делінген. Бұл медицина саласына мән беріп, материалдық базасын нығайту кезек күттірмейтін мәселе екендігін айғақтайды. Осы тұста Президент: «Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі», – деп дұрыс атап көрсетті. Ауылдағы ағайын ауыра қалса қалаға ат сабылтпай, ел ішінде де емделуге мүмкіндік туса нұр үстіне нұр емес пе?! Бұқараның базынасы билікке жетті деген – осы.

Жалил Аббосов,
Қазақстан халқы Ассамблеясы
облыстық филиалының төрағасының қоғамдық орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.