Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мазмұны ерек, мәні терең мақала

0 342

Өткенімізді жаңғыртып, ұмыт болған құндылықтарымызды еске салған тағылымды мақала аясында аз тірлік атқарылған жоқ.

ғдарламалық құжатта Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгерту қажеттігі жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліскен еді. Бағдарламада сананың ашықтығы дегеніміз жер шарында және өз еліңнің аумағында болып жатқан өзгерістерді түсіне отырып, оған дайын болу қажеттігі атап көрсетілген болатын.

Шынымен де, мына әлемді індет оты шарпыған қазіргі жағдай адамдардың өмірге, дүниеге деген көзқарасын түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. Технологиясы озық дамыған әлемде теңдесі жоқ алпауыт мемлекеттердің өзі пандемияның алдында шарасыз болып отыр. Міне, осы сәтте адамдардың өздерін жоғары ақыл-ойдың иесі екендігін көрсететін сәті туды. Қазір елімізде халыққа мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаудан бөлек, адамдардың бір-бірлеріне көмек қолын созуы оның санасының жоғарылығын көрсетуде. Мақалада айтылған қазіргі заманның сәт сайын құбылып тұрған өзгерістеріне ғана емес, болашақтың қүрделі өзгерістеріне жауап бере алатындай болу керек деген ойдың қаншалықты қажет екендігін қазір ұғынып отырмыз. Біз қазір үйде отырып жұмыс істеуді, үйде отырып білім алуды, үйде отырып қарым-қатынас жасауды игердік. Мұның барлығы озық цифрлық технологиялардың арқасында мүмкін болып отыр. Демек, бағдарламалық мақаладағы Елбасының: «Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді», – деп көрегендікпен айтқан сөзі шындыққа айналды. Сондай-ақ өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігін пайдалану арқылы еліміздегі індеттің алдын алу шаралары да оң нәтиже беруде.

«Рухани жаңғыру» бағдарлама-сында көтерілген қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығы күн сайын артып келеді. Оның өзектілігі де осында. Бағдарламада айтылған «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу арқылы кез келген сынақтан абыроймен шығатынымыз анық.

Дина Кульбаева,
М.Х.Дулати университетінің доценті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.