Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маман смартфонды дұрыс зарядтау ережесі туралы аңызды жоққа шығарды

0 465

Content-review.com агенттігінің жетекшісі Сергей Половников көп адамдар телефон қуаты толықтай таусылғанда ғана зарядтау дұрыс деп санайтынын, алайда бұл бұрыннан қалған аңыз екенін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Половниковтың айтуынша, мұндай ескі ереженің заманауи құрылғыларға қатысы жоқ.

«Бұрын аккумуляторлар мен энергияны қажет ететін технологиялар өзгеше жасалған. Ол кезде телефон қуатын толықтай бітіріп, қайта қуаттаған дұрыс болған шығар. Қазір мұндай кеңес мүлдем қисынсыз көрінеді», – дейді ол.

Ол телефондардың заманауи аккумуляторлары да тозады, бірақ мұның зарядтауға еш қатысы жоқ деген пікірде.

«Қуат деңгейін тексерудің орнына смартфон батареясын дер кезінде ауыстыруға мән беру керек. Уаұыт өте келе барлық гаджет батареясының жұмысы нашарлайтынын түсіну қажет», – деді Половников.

Маман стандартты заманауи аккумулятор екі жылға шыдайтынын атап өтті. Кейін сыйымдылығын жоғалта бастайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.