Қалалық қоғамдық-саяси газет

Максим Рожин: Қазақ тілі тек ауылдың тілі деп кім айтты сендерге?

0 432

Сөз алды, жазбасқа болмай тұр, айтайын десем жалғызым, айтпайын десем жалмауызым дегендей, міне жаңа ғана болған жағдай:

Түскі асқа келдім, үстелде отырмын, алдымда солтүстік мемлекеттен келген біреу, (түріне қарасам бизнес мәселесімен келген адам сияқты, солтүстік гастарбайтер қысқасы) оның жанында өзіміздің азамат отыр. Сонымен не керек, ас күтіп отырғанда телефоным шырылдап, тіршілік мәселесі, сөйлесе бастадым, дауысым қатты шықты ма, қазақша сөйлесіп отырғаныма ма, алдымда отырған маған бұрылып бедірейіп қарады. Сосын досына «он что по казахски говорит?» – деді дауыстап. Сосын тағы бұрылып менің әңгімелесіп отырғаныма қарап отырды не деген беспардонный…

Қызығы ары қарай. Сөйлесіп болдым, тамақ ішіп отырмын. Көрші стол мені немесе мен сияқтыларды әңгіме қылып отыр. Мені орысша білмейді деді ма әйтеу, сонда әлгі біздің азамат бүй деді «да эти аульые русские все такие». Бельгер ағамыз жарықтық айтып еді «мен ауылдың мәмбетімін» деп. Гастерлар жарайды, олар бұл мәселеге жабайылық пен қарау мүмкін аузын ашып. Енді біздің өзіміздің жігіттер, до того сондай болмасаңдаршы енді. Ұят қо…. Қазақ тілі тек ауылдың тілі деп кім айтты сендерге?

P.S: қосар тағы бір мәселе, осындай келіп кеткіштерге еш болмаса тәрбие беріп қалайық, жанында болсақ, елдеріне қайтқанда адам болуларына бір сауабымыз болсын. Мен әйтеу айтып үлгергенім «у нас вот так пялиться не принято, это невоспитанность»,-дедім. Кейін ойланып отырсам сау елдің бәрінде этикет солай емес па еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.