Қалалық қоғамдық-саяси газет

Майлы қарнымен өзін аймалай билеген ер адам жұрттың ашуына тиді

0 373

Интернетте жартылай жалаңаш қарын биін билеген жігіт сынның астында қалды.

Ол отыра қалып, майлы қарнымен майыса біртүрлі қимылдар жасайды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  Экспресс К.ке сілтеме жасап…


Былшиған майлы қарнын ары-бері айналдырған жігіттің биі Тiktok-та жарияланды. Бейнежазбада камера алдына жүгіріп келіп, тізерлей отырған ер адам музыка ырғағына ішімен ілеседі. Былшылдаған қарнын жан-жаққа лақтыра, белімен майысуға әрекеттенгенін байқауға болады. Арасында тіпті екі қолымен екі кеудесін қысып, абжыланша басын ирелеңдетеді.

Би кезінде дивандағы екінші жігіттің алаңсыз жатуы желі қолданушыларының көңілін көтергенімен, жартылай жалаңаш жігіттің биі қатты ашуландырды.

«Ауру, нешінші топтан екен бұл жігіт». «Қанша қимылдаса да, мүлде жараспайды». «Былқ-былқ етіп аю кіріп кетті ма десем, мынау екен ғой», «Артқы фондағы жігіт алаңсыз ғой». «Қуады екен, бұл бала»,

—деп жазды желі қолданушылары.

Интернетте жұрттың ашуына тиіп, сынға қалған жігіттер тек мұнымен шектелмейді. ЭК бұған дейін енесін еме жаздаған күйеу баланың әрекеті жайлы жазған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.