Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

0 221

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды деп хабарлады tuyrkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Енді ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның төрағасы лауазымына ие болуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр.

Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

«Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

Еңбек жолы:

2001-2004 жылдары – Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер.

2004-2007 жылдары – «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы.

2007-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2010-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР мұнай газ вице-министрі. 2014-2019 жылдар – ҚР энергетика вице-министрі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды.

2022 жылдың қаңтарынан бері Президент кеңесшісі қызметін атқарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.