Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңызы бөлек жолдау

0 450

   Күні кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына жолдау жасаған болатын. Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылған болатын.

Маңызды жолдаудың мәнің тереңірек түсіндіру мақсатында, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мәжіліс залында жоғары оқу орнының  ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылды.

Келелі кездесуде сөз алған университеттің «Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі» проректоры Данияр Нұрмұхаханбет Жолдаудың мән-маңызы, бағыт-бағдары туралы айтса, «Тарих және география»  кафедрасының аға оқытушысы Рахат Тобаджанов қазақтың тарихи кезеңдеріне тоқталып, Жолдаудың ел болашағында алатын орыны ерекше екенін атап көрсетті.

Іс-шараға қатысқан  профессор -оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлер өз ойларын ортаға салды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.