Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңғыстаудан патшайымның қабірі табылды

0 216

Қазақстанда патша киіміндегі әйелдің қабірі табылды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Табылған заттардың жасы шамамен 1500 жыл болуы мүмкін. Ғалымдар қабірдің тоналғанын айтады. Өйткені қайтыс болған адамның алтын әшекейлері емес, бас сүйегі ұрланған.

Fbm.ru хабарлауынша, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мен РҒА СБ археология және этнография институтының археологтары ежелгі қонысты Қарақабақ шатқалынан тапқан. I-VI ғасырлар кезеңіне жататын , диаметрі 12-14 мм болатын жерлеу орнынан көптеген қалдықтар аршылып алынды. Оның ішінде 64 алтыннан жасалған әшекей бар.

Археологтар осы аумақтан тағы да ғұн қорымы зерттеліп жатқанын айтады. Алайда әктас және шақпақ сынықтарынан жасалған қорған түріндегі жерлеу құрылысы тоналған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.