Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мақсат жаңа партия құру емес»: Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының құрылу себебін түсіндірді

0 339

ҚР мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының не үшін құрылғанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бұл бастаманы елдегі өзгерістердің бастауы деп атады. Журналистер бұл жаңа саяси партияның құрылуына әкеле ме деген сұрақ қойды.

«Жоқ, бөлек партия құру міндеті жоқ. «Нұр Отанды» өзгерту керек – бұл үлкен партия, үлкен күш, оған жаңа адамдарды әкелу арқылы жаңа динамика беретін болсақ және Тоқаевтың айтып отырғанын іске асырсақ – оны мемлекеттік аппаратты алмастырмайтындай етіп бөліп шығаратын болсақ, мұның өзі үлкен жұмыс болады және іс жүзінде жаңа партия болып шығады», – деді Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының баспасөз мәслихаты барысында.

Ол Қазақстан Президентінің тапсырмаларының орындалуын қадағалайтын депутаттық топ құрудан «партиялық сепаратизмді немесе жаңа бастама құрудың» ойда жоқ екенін айтты.

«Бізде ондай мақсат жоқ», – деді депуттат.

«Жаңа Қазақстанды» құрушылар мемлекетті өзгертуге үлес қосуға ниетті екендіктерін қосып өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сарымның Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі тиіс екенін айтқаны жазылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.