Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәсімовтің ұсталған сәтінен фото жарияланды

0 130

Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды.

Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовты ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді. Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.