Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәсімов «күреспейтін» болды

0 367

Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болған Кәрім Мәсімовтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Qazaq kuresi қауымдастығы құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысының қорытындысы бойынша бұл ұйымға Самат Ерғалиев президент болып сайланды.

Самат Ерғалиев қазіргі кезде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Еркін күрестен спорт шебері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Айта кетейік, Qazaq kuresi қауымдастығы 2020 жылы құрылған. Сол кезде қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.