Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұсайбековтің сөмкесі 8,5 миллион теңгеге сатылып жатыр

0 247

Сотталған Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтен тәркіленген фирмалық сөмке электронды аукционға қойылған деп хабарлады turkystan.kz Aikyn.kzке сілтеме жасап.

«Hermes» брендті сөмке 8,5 миллион теңге тұрады. Тіпті, оның «Hermes» брендінің түпнұсқалығын растайтын құжатына дейін бар. Бірақ аукцион түрі мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүлікті беру және бекіту ретінде көрсетіледі.

Негізі бұрынғы Мәдениет вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 2021 жылдың ақпан айында Дубайға ұшпақшы болған жерінен, яғни, әуежайда ұсталған. Сол кезде одан біреуге бермек болған сөмке мен 5 мың доллар көлеміндегі ақша тәркіленді.

Құқық қорғау органдары оған заңды тұлғаның құрылтайшысынан бәс тігу және жалпы патронат саласындағы мүдделерді келістіру үшін пара алды деген айып таққан. Алайда, шенеунік бірден тергеумен келісімге келгендіктен, тағылған айыбы сотта өзгертілді. Содан «Пара алу» бабы «Алаяқтық» бабына өзгертіліп, 62 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарылған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.