Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мүліктің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу

0 211

   ​Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 284-VІ Заңы негізінде пәтер иелері кооперативтерінің қолданысы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатылады. Олардың орнын қарапайым серіктестіктер мен мүліктің мешік иелерінің бірлестіктері алады, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді.

Олар бір үй – бір басқару органы жүйесі бойынша жұмыс істейді және үйдің жай-күйіне меншік иелері өздері жауапты болады.

Мүліктің меншік иелері бірлестігі дегеніміз – бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Егер тұрғындар мүліктің меншік иелерінің бірлестігін құруды таңдаса, онда оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халыққа қызмет көрсету  бөлімдері арқылы әділет органдарында тіркеу керек. Тіркеуге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

белгіленген нысандағы өтініш;
мүліктің меншік иелері жиналысының хаттамасы;
мүліктің меншік иелерібірлестігінің Жарғысы;

– мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Бірлестікті тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

Е. Жұман,

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ –ның

Жамбыл облысы бойынша филиалының

Жамбыл аудандық тіркеу және

жер кадастры бөлімінің бас маман-тіркеушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.