Қызылордалық айтыскер Мұхтар Ниязов Қырғыз елінде өткен халықаралық айтыста бас жүлде иеленді. Бұл туралы облыстық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын», – деп жазды ол.
Айта кетсек, Мұхтар Ниязов Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1985 жылдың 4 қарашасында дүниеге келген. Ол облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Сондай-ақ, «Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері.