Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған суретші қаза тапты

0 464

Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жасаған швециялық Ларс Вилкс пен оның күзетшілері отырған автомобиль жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде жолаушылардың бәрі жұмған. Жол апаты жексенбіде күндіз Маркарид қаласына жақын маңдағы Е4 көшесінде болды.

Полиция оқиға қастандықпен жасалған болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Жол апатының қалай болғанын айта алмаймыз. Тергеу нәтижесін күту қажет», – деді полиция өкілі Рикард Лундквист.

2007 жылдың жазында Nerikes Allehanda басылымы Ларс Вилкс салған Мұхаммед пайғамбар карикатурасын жариялағаннан кейін оны аты БАҚ-қа кеңінен таралды. Жұрттың ашуын тудырған бұл карикатурадан кейін Ларс Вилкске қарсы шабуыл артып, ол үнемі күзетпен жүрген.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.