Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті беру кезінде есепке алынады: Министрлік пікір білдірді

0 154

Мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмек беру кезінде есепке алынбайды. Еңбек министрлігінде атаулы әлеуметтік көмекті есептеуге өзгеріс енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейлік шегінен төмен жағдайда өмір сүретін балаларға күнкөріс минимумының 70% беріледі. Отбасы табысына мыналар жатады: жалақы, алимент, жеке шаруашылықтан түсетін табыс, жылжымайтын мүлікті сатудан түсетін табыс, көлік сатудан түсетін табыс», – деді Қостанай облысы әкімдігі әлеуметтік жобалар мен қамсыздандыру координация басшылығының бөлім басшысы Артур Дощанов.

Бұған дейін 7 жастан асқан балаларға мүгедектік тобы берілген жағдайда атаулы әлеуметтік көмекті есептеу ережесі өзгеретіні туралы жалған ақпарат тараған. Алайда еңбек министрлігінде бұл жәрдемақының отбасы табысы ретінде есептелмейтінін айтты. Сонымен қатар баспаналық көмек, көпбалалыларға берілетін жәрдемақы, стипендия, бір реттік жол жүру ақысы, төтенше жағдай кезіндегі бір реттік көмек және әлеуметтік көмек есепке алынбайды.

Атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегі мен отбасы табысы негізінде белгіленеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.