Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұғалімдердің жалақысы екі есе көбейеді

Мұғалімдердің жалақысы екі есе көбейеді

0 257

Мұндай жоспарлар Nur Otan партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамытудың республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, қазірдің өзінде мұғалімдердің жалақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсті.

Сондай-ақ, сынып жетекшілігіне, тәлімгерлікке, магистратураға, ағылшын тілінде пәндерді оқытуға төленетін қосымша төлемдер ұлғайтылды. Педагогикалық этика мен мұғалімдердің құқығын қорғау мәселелері бойынша арнайы Кеңестер құрылды.

Сонымен қатар кеңес мүшелері білім саласындағы проблемаларды да атап өтті. Осы жылдың соңына дейін елордада құрылыс жүріп жатқан кейбір мектептер уақытынан кеш тапсырылуы мүмкін. Оған қоса, педагогикалық кадрлар жетіспейді. Білім саласына 700-ден астам маман қажет.

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова: «Биыл 75 мыңнан аса педагогты қамтыған 1000-ға тарта біліктілікті арттыру курстары қаржыландырылды. 2020-2023 жылдары аралығында біліктілікті арттыру курстарының білім беру сараптама жүргізу үшін, сараптамалық кеңестер құрылды», – деді.

Бұған дейін Білім министрі мұғалімдерге көше сыпыртқан шенеуніктер жазаланатынын айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.