Қалалық қоғамдық-саяси газет

«М-1» жылу желісін жаңғырту – кезек күттірмейтін жұмыс

0 568
Жылу желілерін жаңғырту – кезек күттірмейтін маңызды жұмыс. Бүгінде Тараздағы «М-1» жылу магистралының тозу деңгейі 80 пайызды құраған.
Осыған орай, 2023 жылы қала әкімдігімен «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы «М-1» жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы әзірленіп, сол бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Сондай-ақ сараптама қорытындысына сәйкес, республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржы сұралды.
Жұмыс жобасында көрсетілгендей аталған жылу магистралы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы және Қ.Тұрысов көшелері бойында жатыр. Жалпы ұзындығы 6 138 мтерді құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жеңімпаз мердігермен келісімшарттар жасалды.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының тапсырыс берушісі – Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Жобаның бас мердігері «Сарыағаш-Аман» ЖШС болса, техникалық қадағалаушысы «АДС САПА» ЖШС, ал авторлық қадағалаушысы – «Институт «КазНИПИЭнергопром» АҚ.
Барлық мүдделі мекемелермен келісу жұмыстары жүргізілген соң 2024 жылдың 19 сәуірінен бері құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарына жалпы 5 бөлікте құрылысшы топтар жұмылдырылған.
Бүгінде, жалпы 2 000 метр лотокпен жылу құбырлары қазып алынып, 300 метр лоток жүйесі жаңадан орнатылды.
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 1 қазанына дейін толығымен аяқтау жоспарлануда.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.