Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бес көшеге асфальт төселуде

0 201
Қылышбай ақын көшесінің тұрғындарын талай жылдан бері жолдың жайы толғандырып келген еді. Бұл мәселеге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев те баса назар аударып, тиісті тапсырмалар жүктеген болатын. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда аталған көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары қарқын алды.
Айталық, жобаға сәйкес мұндағы Қылышбай ақын көшесі мен 1,2-бұрылыстары, Ақмола, Адамбаев және Павлов көшелері және Артем көшесі мен 1,2- бұрылыстарында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«КАТСА» ЖШС-нің мердігерлерімен салынып жатқан жолдардың жалпы ұзындығы 2 шақырым 630 метрді құрайды. Техникалық қадағалаушысы – «ДАНСтройПроект» ЖШС.
Бүгінгі күні құрылыс басында 40-қа жуық адам мен 17 техника жұмыс істеуде.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.