Қалалық қоғамдық-саяси газет

175 жылдан бері алғаш рет: Ұлыбритания жағалауында акула адамға шабуыл жасады

0 148

Ұлыбритания жағалауында әйел акуланың құрбаны бола жаздады. Бұл 175 жылдан бері жыртқыштың осы аймақта адамға жасаған алғашқы шабуылы, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Басылым мәліметінше, акула Корнуоллдағы Пензанс айлағында сноубордпен жүрген әйелге шабуыл жасаған. Әйелдің аяғы жарақаттанған. Жәбірленуші жағалауға өздігінен жүзіп жеткен, оны жағалау күзеті қызметкерлері қарсы алып, дәрігерлерге жеткізген.

Акуланың адамға кейінгі шабуылы осы аймақта 1847 жылы тіркелген.

Әзірге мамандар қай акула адамға шабуылдайтынын білмейді. Корнуолл жағалауында осы жыртқыштардың төрт түрі мекендейді. Сарапшылардың пікірінше, коронавирус шектеулеріне байланысты шығанақтағы кемелер азаюына орай мұнда акулалар саны артқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.